Пікір • 11 Ақпан, 2024

Су тапшылығы болмасын десек...

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаһандық экономикалық дағдарыстың шиеленісуі, тұрақсыз геосаяси жағдай мемлекеттерді жаңа экономикалық модельдер құру қажет екенін көрсетті. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент биылғы экономикалық күн тәртібіндегі бірқатар негізгі міндетке басымдық берді.

Су тапшылығы болмасын десек...

Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек екенін атап өтті. Президенттің «Сондай-ақ макро­эко­но­ми­ка­лық көрсет­кіш­термен қатар халықтың нақ­­ты табысы да қарқынды түрде артуы керек» дегені де түйінді сөз болды. Яғни азамат­тар өз­де­ріне оң өзгерістер сезін­бе­се, экономиканың көлемі қан­дай болатыны маңызды емес. Халықтың әл-ауқаты – бұл бар­лық экономикалық рефор­ма­ның негізгі көрсеткіші.

Президент атап өткен су ре­сурстарының жетіспеушілігі мә­се­лесіне назар аударғым келе­ді. Мәселен, көптеген өңір қа­зірдің өзінде ауызсудың өткір тапшылығын сезініп отыр. Су ресурстарының жетіспеушілігі әсіресе ауыл шаруашылығы аймақтары үшін өзекті. Мемлекет басшысы «Біз суды тым орынсыз жұмсаймыз» деді. Астана қаласының өзінде көлік жуу орындарының 80%-ға жуығы ауызсуды пайдаланады. Сарапшылар болжамына сүйенсек, біз қазір немерелерімізге арналған суды тұтынып жатырмыз.

Негізі суды айтарлықтай үнемдеуге мүм­кіндік беретін технологиялар бар. Мыса­лы, ауыл шаруашылығында – суару әдісі немесе гидрогель, айналымдағы сумен жабдықтау (қайта айналым), өнеркәсіпте – ағынды суларды қайта өңдеу, тұрмыстық қызметте – контактісіз су құ­бы­ры және тағы басқалары. Дегенмен суды тұтынудың жал­пы­халықтық мәдениетін енгізу мәселесі маңызды болып қала береді. Өйткені су тапшылығы мәселесін шешуге азаматтардың өздері қатысуы ма­ңызды. Бұл жерде қымбат технологияларды қол­данудың қажеті жоқ, саналы тұтыну мен ұм­тылыс қажет.

Біз балаларды мектеп кезінен экологиялық санаға, оның ішінде су ресурсын тиімді пайдалануға үй­ретеміз. Қарапайым мысал ре­тінде: тісті тазалау, ыдыс жуу кезінде суды үнем­ді пайдалану. Бұл – кез келген адам бас­тай алатын және кейіннен бүкіл елде жаңа экологиялық мәде­ниеттің қалыптасуына әке­летін қарапайым қадам.

 

Динара СӘДУАҚАСОВА,

саяси сарапшы