Фото: Tengrinews.kz / Т.Қазанғапов
Massaget.kz сайтының хабарлауынша, 12 ақпанда сағат 11.00-де Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың іздестіру-құтқару тобы 9 ақпанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы арқылы Қызылорда облысына автокөлікпен жол жүрген 2 адамды іздестірген. Бүгін, сағат 13:20-да жоғалған адамдар байланысқа шықты.
Жоғалғандардың айтуына қарағанда, көліктері балшыққа батып, тақау маңайдағы бекетке өз беттерінше жеткен. Олар медициналық көмекке жүгінбегендерін қоса айтты.