![Жарақат алғандар бар. Алматыда үш автобус пен бір жеңіл көлік соқтығысты (видео)](/media/2024/02/13/crop-6_3_512x828_4d641bee-d2a9-43a7-9deb-44a79adb26f0.webp)
Фото: видеодан скриншот
Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 9:00 шамасында болған.
«13 ақпан күні сағат 09:00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алда келе жатқан 133-маршруттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысты. 133-ші автобус инерция салдарынан қатарлас келе жатқан 88-бағыттағы автобуспен соқтығысқан», деп хабарлады Полиция департаменті.
Жарақат алғандар бар. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасына байланысты Медеу аудандық Полиция департаменті тергеп-тексеруді бастады.