Аймақтар • 13 Ақпан, 2024

Тараз қаласында жүргізуші куәлігін сату фактілеріне қатысты ресми түсіндірме

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның қауіпсіздік қызметі тексеру іс-шаралары барысында жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Тараз қаласында жүргізуші куәлігін сату фактілеріне қатысты ресми түсіндірме

Сурет: облыстық полиция департементінің баспасөз қызметі

2023 жылдың 14 қыркүйегінде ішкі қауіпсіздік қызметкерлері растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсырған екен.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында айғақтарды алу және тінту жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу амалдары аясында жария етілмейтінін алға тартамыз», делінген хабарламада.

Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация өз құзыреті шегінде қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде қажетті шаралар қолданады.