Қазақстан • 13 Ақпан, 2024

Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді

Фото: Egemen.kz

Тағы бір айта кететін жайт, вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін 63 шақырымнан астам су арнасы механикалық тәсілмен тазаланады. 

Осыған дейін министрлік 2023-2024 жылдарға арналған вегетация аралық және вегетациялық кезеңдердегі жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Қазіргі уақытта облыс әкімдіктерімен бірлесіп вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары пысықталып жатыр.

«2024 жылғы вегетациялық кезеңді ойдағыдай өткізу үшін еліміздегі барлық су шаруашылығы нысандарының су жинауға дайындығы зерттелді. Осы күндері аймақтық филиалдар дәнді-дақылдарды әртараптандыру және субсидиялау мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр», деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.