Тағзым • 13 Ақпан, 2024

Ескерткіш тақта қойылды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филология ғылымдарының докторы, профессор, сыншы, жазушы Мырзабек Дүйсенов өмірінің соңғы 15 жылында тұрған Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі 104-үйге мемориалды тақта орнатылды.

Ескерткіш тақта қойылды

Танымал тұлғаны еске алуға жиналған қауым біртуар ғалымның ғылымға, әде­биетке сіңірген еңбегі хақында ой толғады.

М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтында ұзақ жыл қызмет еткен Мырзабек Дүйсенов – көр­кем проза, сын, әдебиеттану салаларын­да бірдей еңбек еткен қа­рымды қаламгер. Ол кіші ғылыми, аға ғы­лыми қыз­меткерден Жам­был­­тану бөлімінің мең­­ге­ру­шісіне дейін жауапты қызмет атқарды. Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-да білім алған ға­лым кезінде Мұхтар Әуезов­­­­тің жетекшілігімен ас­пи­­рантураға қабылданған. Әб­­ділдә Тәжібаев, Әзіл­хан Нұр­шайықовтай халқы­мыз­дың дара перзенттерімен де үзеңгілес болып, әдебиет майданында тер төкті.

Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, жазушы Сұлтанәлі Балғабаев пен ғалым Серік Негимов Мырзабек Дүйсеновтің жай­саң мінезін, терең ізденісін еске алып, оның әдеби кәсіпке деген адалдығын, әріптеске деген мейірімін әңгімеледі. Ғалымның ғылыми қағидаты мен ұлт танымын көтерген деректі прозасын атап өтті.

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынба­сары Бауыржан Жақып қа­зақ әдебиеттануының дамуы­на өлшеусіз еңбек сіңірген Зей­нолла Қабдолов, Серік Қи­ра­баев, Тұрсынбек Кәкішев се­кілді тұлғалардың қатарында Мырзабек Дүйсеновтің де тұр­ғанын айтты. Бүгінде ға­­лым­ның артында өшпес мұ­расы, баға жетпес еңбектері қалды.

 

АЛМАТЫ