Коронавирус • 14 Ақпан, 2024

Коронавирус қайта өршіді: Батыста 26 адам індет жұқтырды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының 26 тұрғынынан коронавирус анықталды. Оның 21 жағдайы қаңтар айында, 5-еуі ақпанда тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус қайта өршіді: Батыста 26 адам індет жұқтырды

Фото: Pixabay

«Qazaqstan» ұлттық арнасы ұсынған деректерге қарағанда, инфекция жұқтырған науқастардың 8-і аяғы ауыр әйел, 9-ы бала. 

Одан бөлек, өңірде қызылша бойынша да эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Мамандардың айтуынша, бұл дертке 255 адам шалдыққан. Олардың 90 пайызға жуығы қызылшаға қарсы екпе алмаған.

«Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы №2 қаулы күшіне енді. Соған сәйкес медициналық ұйымдарда персоналдың және науқастардың медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халықтың көп жиналатын жерлерінде, көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға кеңес беріледі», деді Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев,