Қоғам • 16 Ақпан, 2024

Астанада «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» конференциясы өтті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Онда Б.Сапарбаевтың жақындары, қызметтес серіктері мен шәкірттері, Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» конференциясы өтті

Алдымен Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.

– Бердібек Мәшбекұлы – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол әр жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетекшілік етіп, парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі және адал қызметі – жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге, – делінген Президент хатында.

Жиында Премьер-министрдің орынбасары Т. Дүйсенова, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Ж.Асанов, Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі К.Закарья, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Көшербаев, Қазақстанның Еңбек Ері Қ.Байменова және басқа да мемлекет, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп,  Бердібек Мәшбекұлы туралы жүрекжарды естеліктерін айтты.

л

Конференцияда мемлекет және қоғам қайраткері жайлы  кітаптың тұсауы кесіліп, тағылымды өмір жолы туралы арнайы түсірілген фильм көрсетілді.