Қоғам • 16 Ақпан, 2024

Ұлттық ұлан сержанты қарияны құтқарып қалды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 15 ақпан күні сағат 11:00 шамасында болды. Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің 1 атқыштар ротасы бақылаушыларының 2 взводының маманы бақылаушы сержант Болат Ысқақов Қостанай қаласының Қайырбеков көшесі, 385 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің бірінен шыққан түтінді байқаған.

Ұлттық ұлан сержанты қарияны құтқарып қалды

Фото: Ашық дереккөз

Дереу өрт сөндірушілерге хабар берген Ұлттық ұлан әскери қызметкері отқа оранған пәтерде қарт әйелдің барын анықтап, көмекке ұмтылған.

«Түтінді көргеннен кейін кіреберіске асықтым. Жол бойында өрт сөндіру бригадасын шақырған едім. Кіреберістің есігі жабық болғандықтан, барлық пәтер нөмірлеріне қоңырау шалуға тура келді. Тұрғындардың бірі есікті тез аша қойды. Ішке бас сұққан сәтте қарт тұрғын паналаған пәтерді қою түтін тұмшалағанын байқадым. Пәтеріне енген соң қарияны қолыма алып, ашық терезе арқылы сыртта жиналып қалған адамдарға бердім. Сол аралықта өзім де көмірқышқыл газына тұншыға бастадым, тіпті есімнен танып қалуым да мүмкін еді. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер сыртқа аман шығуыма көмектесті. Бұл үшін мен оларға ризамын»,  дейді сержант Болат Ысқақов.

Кейін өрт шыққан жерге Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, жедел шаралар қабылдады. Тұрғындар ғимараттан эвакуацияланды. Барлығы 15 адам құтқарылды, олардың арасында 8 бала бар. 23 адам эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себептері анықталып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, өрт жылытқыштың жиһазға жақын орналасуынан тұтанған.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15