Аймақтар • 16 Ақпан, 2024

Маңғыстаулық көлік ақауына байланысты өндірушіден 7,4 миллион теңге өндіріп алды

2466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұтынушыға автодиллердің есебінен 7 426 100 теңге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаулық көлік ақауына байланысты өндірушіден 7,4 миллион теңге өндіріп алды

Фото: Дром Ставрополь

Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті анықталған зауыттық ақауға байланысты автокөлікті өндірушіге қайтару бойынша сот процесіне қатысты.

- Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімшарт жасақтады, нәтижесінде өндіруші автокөлікті 7 390 000 теңгеге сатып алып, сараптама жүргізу үшін қосымша 36 100 теңге төледі, - делінген хабарламада.