Аймақтар • 18 Ақпан, 2024

Он облыста республикалық маңызы бар 18 жол жабық

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

18 ақпандағы қолайсыз ауа райына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар 18 автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады Egemen.kz.

Он облыста республикалық маңызы бар 18 жол жабық

Фото: ҚазАвтоЖол

Абай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 177 км

  • «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау мен Боғаз арасы.

Ақмола облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 77 км

Дизельмен жүретін көліктер ғана. 

  • «Екатеринбург — Алматы» — Жібек жолы — Қарағанды облысы шекарасы
  • «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» — Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін. 

Алматы облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 99 км

  • «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық көлік үшін)
  • «Алматы-Ташкент-Термез» — Жаңақұрылыс ауылы-Жамбыл облысы шекарасы (көліктің барлық түріне).

Шығыс Қазақстан облысында — бір учаске

  • «Омбы-Майқапшағай» — Абай облысы шекарасынан ҚХР шекарасына дейін (көліктің барлық түріне).

Жамбыл облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 150 км

  • «Алматы-Ташкент-Термез» — Алматы облысы шекарасынан Қордай ауылына дейін (көліктің барлық түріне), Кенен мен Қайнар ауылы арасы (ескі Қордай асуы арқылы жүруге болады).

Жетісу облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 100 км

  • «Үшарал-Достық» — Көктұма мен Достық арасы (көліктің барлық түріне)

Қарағанды облысында - 5 учаске, жалпы ұзындығы — 1251 км

Дизельмен жүретін автокөліктерге. 

  • «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» — Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау арасы
  • «Қызылорда-Павлодар» — Қарағандыдан Топарға дейін
  • «Екатеринбург-Алматы» — Ақмола облысы шекарасынан Балқашқа дейін.
  • «Қарағанды-Аягөз — Боғаз» — Ботақара мен Қарқаралы арасы
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» — Павлодар облысы шекарасынан Ботақара кентіне дейін.

Қостанай облысында — бір учаске, жалпы ұзындығы — 83 км

  • «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалыққа дейін (көліктің барлық түріне).

Павлодар облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 165 км

Шектеу тек дизельмен жүретін көліктерге. 

  • «Қызылорда-Павлодар» — Қарағанды облысы шекарасынан Шідертіге дейін 
  • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» — Баянауыл мен Шідерті арасы.

Ұлытау облысында — 2 учаске, жалпы ұзындығы — 543 км

  • «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (көліктің барлық түріне), Жезді мен Ұлытау арасы (дизельмен жүретін көліктерге)
  • «Қызылорда — Павлодар» — Жезқазған қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейін (дизельмен жүретін көліктерге).

Бүгін республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 181 техника мен 274 адам жұмылдырылды.