Оқиға • 18 Ақпан, 2024

Астанада пәтер өртеніп, 1 адамның мәйіті табылды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Ақбұлақ-3 ш/а үйдің 4-қабатындағы пәтерден өрт шыққанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада пәтер өртеніп, 1 адамның мәйіті табылды

Фото: Egemen.kz

Алдын ала болжам бойынша 20 шаршы метр аумақты өрт шалған.

Бүгін сағат 15:48  шамасында басталған өрт 16-26-да сөндірілді.

«Пәтерде әйелдің мәйіті табылды. Жергілікті жерде ТЖД-ның 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеді. Өрттің себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.