Аймақтар • 19 Ақпан, 2024

Ақмола облысында жеке үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Үйінділер астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақмола облысында жеке үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды

Фото: ТЖМ

«Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде 65 шаршы метр алаңда өрт болды. Сағат 08:18-де өрт сөндірілді. Үйіндіні бөлшектеу барысында 1966 жылы туған азаматтың мәйіті табылды», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.