Ғылым • 20 Ақпан, 2024

ҚазҰУ ғалымдары ақылды балдақ құрастырды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті Ерзат Мырзахан қарттарға арналған ақылды және көпфункционалды балдақ құрастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазҰУ ғалымдары ақылды балдақ құрастырды

Жас ғалым ойлап тапқан құрал егде жастағы адамдардың баспалдақпен көтерілуін жеңілдетеді. Екі бұранда арқылы балдақтың тұтқасын қысып ұстаған кезде жоғары қабатқа жеңіл көтерілуге болады.

«Заманауи балдақ GPS функциясымен ерекшеленеді. Отбасы мүшелері қарт адамның нақты мекенжайын, серуендеп жүрген аумағын бақылай алады. Құлап қалған жағдайда жақындарының ұялы телефонына хабарлама келеді. Ал балдаққа орнатылған арнайы лазерлік шам бөгеттерді, кедергілерді анықтап, қарт адамға дыбыстық белгі беріп отырады», дейді жоба жетекшісі Ерзат Мырзахан.

Балдақ қозғалысты жеңілдетіп қана қоймайды, көңіл күйді де көтереді. Өйткені онда радио құрылғысы жұмыс істейді. Салмағы – 300-400 грамм, ұзындығы 1 метрге дейін созылатын балдақтың нарықтағы бағасы көпшілікке қолжетімді.