Фото: baq.kz
Бұл шешім – өте орынды. Өйткені жастарға өзгерістердің бастауында тұруға тиіс. Ал реформаларды қауырт қолға алып, жүзеге асыруға белсене атсалысса, тіпті құба-құп.
Қазірдің өзінде резервтегі мамандар мемлекеттік қызмет пен басқару жүйесіне белсенді араласып келеді. Айталық, бүгінде жұмысқа қабылдаудың үш толқынында 400 жас маман резервке алынды. Олар 20 мыңнан астам үміткердің арасынан іріктелді. 367 резервші орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жұмыс істейді, сонымен қатар саяси қызметтер де атқарады.
Осы орайда ПЖКР мүшелігі қандай да бір артықшылықтар бермейтінін есте ұстауымыз керек. Бұл теңгерім мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқаруға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары жүйесіне байланысты орын алып отыр. Көбіне талаптар төменгі лауазымдардағы немесе бюджеттік ұйымдардағы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне қатысты. Бұл талап жеке сектордан кадрлар тартуға кедергі болып отыр. Дегенмен ПЖКР мүшелігі мемлекеттік қызметтің жекелеген санаттары мен лауазымдарына өзін ұсынуға құқық береді.
Егер жастың кәсіптік білімі, озық біліктілігі және өз саласында мол тәжірибесі болса, оны түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесіне тарту орынды. Мамандарды бағалаудың бұл тәсілі бүкіл әлемде бұрыннан қолданылып келеді.
ПЖКР жүйесі нақты мәселелерді шешу үшін қажетті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Оңтүстік Кореядан инвесторлар тарту, Қазақстанның туристік тартымдылығын арттыруда табысты тәжірибе бар – мұның барлығына нақты осы резервшілер жұмысының арқасында қол жеткізілді.
Дарынды жас мамандарға арналған кадрлық резерв жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыратын әлеуметтік баспалдақ бола алады. Әзірге олардың алдында мемлекеттік басқару жүйесіне инновациялар енгізу, мемлекет алдында тұрған міндеттерге қол жеткізу үшін тұжырымдамалық жаңа көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру міндеті тұр.
Ермек ТОҚТАРОВ,
Президент жанындағы ҚСЗИ стратегиялық талдау басқармасының басшысы