Аймақтар • 21 Ақпан, 2024

Оқушылар информатика сабағында тыйым салынған сайттарға кірген

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары Петропавлдағы 9 орта мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға кіргенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Оқушылар информатика сабағында тыйым салынған сайттарға кірген

Фото: kz.ctc-rk.kz

Құзырлы орган мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізген тексеру аясында оқушылардың құқықтары өрескел бұзылғаны белгілі болды.

Балалар информатика кабинетінде өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге итермелейтін контенті бар, соның ішінде, суицид және зорлық-зомбылыққа үндейтін әрекеттегі материалдарға еркін қол жеткізген.

Белгілі болған дерек бойынша мектеп директорлары жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.

Осыдан кейін прокурорлар қала мектептеріндегі интернет көздерінен қауіпті сайттарға кіру мүмкіндігін шектеді.