Инвестиция • 23 Ақпан, 2024

Орталық құрылысының инвесторы анықталды

88 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мұндай ақпарат Үкіметте Премьер-министрдің орын­ба­сары Серік Жұ­ман­ға­рин басқаратын транс­шекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында айтылды.

Орталық құрылысының инвесторы анықталды

2024 жылғы 7 ақпанда Түркістан облысының әкім­дігі өткізген конкурстың қо­ры­тындысы бойынша «Орта­лық Азия» халықаралық өнер­кәсіптік кооперация орта­лығы құрылысының негізгі инвес­торы «TCL Gr.» ЖШС болды. Индустриялық аймақ­ты бас­қаруға беру үшін ин­вестор­дың және Түркістан облысы әкім­дігінің қатысуымен заңды тұлға құру рәсімдері басталды.

Отырыста Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында хаб салу жөніндегі жобаны іске асыру мәселелерінде белсенді ілгерілеу байқалды. Мәселен, 2024 жылғы 15 ақпанда Сырдария облысында тараптар «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік коо­перация орталығын құруды жеделдету жайын, даму жоспарларын, инфрақұрылымды және хабты толтыруды талқылады. Инвестор Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп өнеркәсіп кооперациясы орталығын дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Нысанның құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. ХШЫО шекара маңындағы аумақта Қазақстан тарапынан «Атамекен» және Өзбекстан тарапынан «Гүлстан» халықаралық өткізу бекеттері ауданында салынады.

Сондай-ақ «TCL Gr.» өзбек­стандық «Global Textile» ком­пания­сымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бұл – дайын тоқыма өнімдерін өндіруге бағытталған ХШЫО-ның ал­ғашқы инвестициялық жобасы. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбек­станның көршілес облыстары әкімдерінің орынбасарлары өнеркәсіп кооперациясы орталы­ғын жедел құру жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Каспий торабының құры­лысына ерекше назар ауда­рылды. Атап айтқанда, «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы салынып жатқан Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған проблемаларға назар аударылды. Бұл іс-шара­лар Каспий теңізі деңгейі­нің төмендеуіне байланыс­ты жүргізіліп жатыр, сондай-ақ ішкі акваторияда жүзу қауіпсіздігін қам­тамасыз ету және жаңа айлақ­тар салу үшін қажет. Жұмыстар сауда мақсатында теңізде жүзудің экономикалық тиім­ділігіне, Қазақстанның экс­порт­тық-импорттық және тран­зит­тік әлеуетіне тікелей әсер етеді.

Кеңеске қатысушылар терең­дету жұмыстарын тезірек бастау үшін барлық қажетті рәсімді жеделдетуге келісті.

Сонымен қатар жедел штаб отырысында басқа шекара маңы хабтарының, атап айтқан­да, «Еуразия» трансшекара­лық сау­да орталығы, «Ала­тау» ин­дус­т­риялық, сауда-логисти­ка­лық орталығы, Қорғас тора­бы және «Көлжат» құрғақ пор­­ты құ­рылы­сының барысы тыңдалды.