Спорт • 26 Ақпан, 2024

Батуттағы гимнастика: Қазақстан құрамасы «күміс» алды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баку (Әзербайжан) қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем Кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қаңжығасына байлады, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics-ке сілтеме жасап.

Батуттағы гимнастика: Қазақстан құрамасы «күміс» алды

Фото: qaz_olympics, инстаграм

Инстаграм

Данил Мусабаев пен Пирмаммад Алиев жұбы финалда 50.520 балл жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Данил мен Пирмаммад былтыр Бакуде өткен Әлем Кубогі кезеңінде жеңімпаз атанған. Ал 2020 жылы қола жүлде алған.

Айта кетсек, биылғы Әлем Кубогінің барлық кезеңінде спортшыларға рейтингте ұпай беріледі. Бұл өз кезегінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынады.