Өнер • 26 Ақпан, 2024

Қазақ музыкасы – Вашингтонда

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ өнері өзіне тән өрнегімен шетел жұртын таңдандырып жүргені мәлім. Тіпті қазақ тілін үйренуге ықыластылардың саны артып келеді. Таяуда ғана ұлт өнері Америкада тағы бір асқақтады.

Қазақ музыкасы – Вашингтонда

Фото: baq.kz

Қазақстан дипломаттары мен Ва­шингтондағы халықаралық фортепиано өнері кеңесінің қол­дауымен АҚШ-тағы Қазақстан ел­шілігінде «Көктем шуағы» клас­сикалық музыка кеші болып өтті.

Іс-шараға АҚШ Мемлекеттік депар­таментінің, Вашингтонның дипло­матиялық корпусы мен амери­калық сарапшылар қауым­дас­тығының өкілдері, сон­дай-ақ мәдениет және өнер қай­рат­керлері қатысты. Классикалық шығармаларды маэстро, Ва­шинг­тон классикалық музыка қо­ға­мы­ның негізін қалаушы, виртуоз пианист Наталья Казарян орындады.

Концерт барысында қонақтарға белгілі композитор Нағым Мең­діға­лиев­тің «Дала» композициясы орындалды. Келген қонақтарды тәнті еткен еліміз­дің жарқын туындысымен қатар Иоганн Себастьян Бах, Лили Буланжер және Морис Равелдің классикалық музыкасы ұсынылды.

Концерттік бағдарлама алдында сөз алған Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев өнер мен музыканың шекара таңдамайтынын әрі берік қарым-қатынастарды нығайтуға көмектесетінін ерекше атап өтті. Му­зыка әртүрлі мәдениет пен ұлт өкіл­дерін біріктіре алатын әмбебап тіл еке­нін де сөз етті.

– Қазақстанды жақсы көремін. Менің ойымша, қазақ халқы – ерекше, кеңпейілді, ақкөңіл, адал, шыншыл, ғажап, еңбекке бейім халық. «Қазақ халқын ерекше құр­меттеймін және өзімді қа­зақ­­пын деп есептеймін, – деді Ва­шинг­­тондағы дипломатиялық қоғамдық қарым-қатынастар ұйы­мы­ның өкілі Рода Септиличи.

Аталған іс-шара тек музыка мерекесі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ халықтары арасындағы мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадам екені сөзсіз.