Жәдігер • 27 Ақпан, 2024

Сәкеннің сағаты

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайреткері Сәкен Сей­фуллиннің 130 жылдық мерейтойы. Осы жылдарға дейін музей қорында Сәкеннің еңбектерінен бөлек, жеке қолданылған зат­тары да сақталған. Со­ның бірі – алтынмен ап­тал­ған бағалы қалта сағаты.

Сәкеннің сағаты

1936 жылы Қазақстан Жазушылар одағында Сәкен Сейфуллиннің әдеби және коғамдық қызметіне 20 жыл толуы­на орай салтанатты кеш өтіп, аталған жиында өкімет ардақты азаматты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттап, алтынмен апталған қалта сағат сыйлайды. Ақын өмірден озғаннан кейін жары Гүлбаһрам оның жеке заттарын мұқият сақтаған. Қазіргі таңда сағат елордадағы ақын музейінде сақтаулы тұр. Бағалы алтын жәдігердің салмағы – 100 гр. Қалта сағатының бір ерек­шелігі – қайраткердің есімі үстіңгі жағына бедерленіп жа­зылған.

ап

Құнды жәдігер қазіргі «H.Moser & Cie» швейцариялық брендіне тиесілі. Жылына компа­ния бар болғаны 1 200 сағат шы­ға­рады. Бұл бренд сағаттарының құндылығы арта беретінін көрсетеді.

 

Нұрай АСЫЛБЕК,

Astana IT университетінің студенті

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50