Қоғам • 28 Ақпан, 2024

Анасын іздеген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді

7972 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол бүгін алғыс күніне орай өтетін іс-шараға қатысады. Бұл туралы Qazradio.fm инстаграм парақшасында құлағдар етілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Анасын іздеген Жәнібек Савельев Қазақстанға қайта келді

Фото: instagram/muratsaveliev

Жәнібек Савельевтің Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазақ радиолары» өткізетін «Мың алғыс» іс-шарасына қатысатыны жоспарланған.

«Бармысың, бауырым?» хабары арқылы анасын іздеген Жәнібектің арқасында 2001-2002 жылдары Арқалықта дүниеге келген 4 баланың туған анасы анықталды. Бір ұл Канадада, екі ұл Бельгияда және тағы бір ұл Қазақстанда тұрып жатыр», делінген аталған инстаграм парақшада.

Жәнібектің өз анасына қатысты зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Аталған жиында Жәнібектен бөлек, тағы бірнеше адам қонақ болады.