Ғылым • 29 Ақпан, 2024

Жобаларға орталықтандырылған жүйе қажет

123 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ғылыми жобаларды коммерцияландыру, өнертабысты өндіріске енгізу ғалымдар үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Осы бағытта «Кәсіпкерлік қоғамдастық, ғылыми мекемелер мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру механизмдері» сессиясында бизнес және ғылым ықпалдастығы мәселесі талқыланды.

Жобаларға орталықтандырылған жүйе қажет

«Digital Almaty: Х ин­дус­трия­сы және бола­шақ­тың цифрлық эволюциясы» форумы аясында өткен сессияда Алматы қаласы кәсіпкер­лер палатасының төр­ағасы Нұрсұлтан Шоқанов ғы­лы­ми идеялар мен әзірлемелерді ком­мерцияландыру еліміздің әлеу­­меттік экономикалық даму көр­­сеткіштеріне оң ық­пал ете­тін маңызды тетік еке­нін атап өтті. Сарап­шы­ның айтуын­ша, ғы­лыми жоба­­ларды коммерция­лан­дыру барысы оңайға соқ­пай­­ды. Нәтижесі еліміз үшін стра­­­тегиялық маңызы зор бол­­­ғаны­мен, бұл – ұзақ әрі күр­де­лі үрдіс. Бүгінде ел эко­но­ми­касы­ шикі­заттық емес ба­ғыттан ары­­лып, өңдеу ба­ғытындағы әле­уетті арт­ты­ру­ға баса мән беріп отыр. Сон­­дықтан мемлекеттік ор­ган­­дар, даму институттары, ғы­лыми орталықтармен бір­­лесіп, креа­тивті индус­трия, инновация­лар сала­сын да­мы­туға күш салуы ма­ңыз­ды.

Мемлекет басшысы өткен жылы Ғылым және технология жөнін­дегі ұлт­тық кеңестің оты­ры­сында экономиканың өнді­ріс­тік секторларындағы ғылыми-зерт­теу жұмыстарының көлемін ұлғайту үшін бизнес пен ғылыми қо­ғамдастық арасында тығыз өзара іс-қимыл орнату қажеттігін атап өткен болатын. Осы орайда «Атамекен» ҰКП басқарма төр­аға­сының орынбасары Тимур Жар­кенов «Ғылым мен бизнес – инновация­лық әлеуетті дамы­тудың екі маңызды құрамдас бөлігі. Осы екі сектор арасындағы тиім­ді ынтымақтастық қана эко­но­­ми­ка­лық және әлеуметтік мәсе­ле­лер­ді шешуге, жаңа жұмыс орын­­да­рын құру­ға жәрдемдеседі», деп атап өтті.

«QazInnovations» ин­но­­­­ва­ция­лар­ды дамыту жө­нін­дегі ұлттық агенттік» АҚ төрағасы Санат Аха­нов­тың айтуынша, елімізде ғылыми жобаларды қолдау құрал­дары жеткілікті, бірақ орта­лық­тан­дырылған жүйе жоқ. Осы орай­да спи­кер­ бірқатар ұсынысын алға тартты. «Салалар бойынша әзірлемелерді кластерлеу, яғни әртараптандыру қажет. Бұл жерде жобалардың жетілу бары­сын қарас­тыру маңызды. Әзір­ле­ме­лер бойынша ағым­дағы чек-листке де назар аудар­ған жөн. Бұл әзірлемелер әлемдік трендке жата ма, жоқ па, оған сұраныс бар ма, отандық нарық­тың сыйым­ды­лығы, әлемдік на­рық­тағы орны қан­­дай екенін зерделеу ма­ңыз­ды. Мұ­ны­­мен қоса әлеуетті клиент­тер­­­дің тізбесі жасалуы керек. Бұл ба­ғытта «Атамекен» ҰКП қол­­­дауы маңызды. Осы күрделі тіз­бек­ті ғылым саласы жүйелі түр­де топ­тас­­тырып, ұсынып жатса, әрі қарай кәсіпкерлік бағытта жал­ғастыра аламыз. Бұл – үздіксіз жал­ға­сын таба беретін үрдіс», деді спикер.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масымен қазіргі кез­де «Ата­ме­кен» Ұлттық кәсіп­кер­лер пала­тасы инвес­ти­ция­лық жобалар тізі­­лімін әзір­леп жатыр. «Қазіргі кез­де инвес­тициялық жобалар тура­лы деректер әкімдіктерде ехсel кестесі түрінде жи­на­ла­ды. Жүйелілік жоқ. Сондықтан инвес­тициялық жоба бірнеше жыл бойы іске асырылмай жатады, кәсіп­кер уақыт жоғалтады. Ұлт­тық палата Инвестициялық жо­ба­­­лардың бірыңғай тізілі­мін жүр­гізу механизмін ұсы­нып отыр. Жобаны қазір қанат­қақты режім­де іске қосып жатырмыз», деді «Нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы» ЖШС дирек­торы Айбек Ерғожаев айтты.

«Ғылым қоры» АҚ бас­қарма төрағасы Камиль Ақатов қор тарапынан атқа­ры­лып жатқан жұмыстар барысына тоқталса, «Omir Group» ком­па­ниясының негізін қалаушы және CEO, Schulich Startups стар­таптар ұйымының мүшесі Дінмұхамед Қонаев Кана­даның стартаптарды қолдау тәжірибесімен бөлісті.

 Сессияда сонымен қатар ме­гаполис экономика­сын транс­­формациялаудың драй­­­вері туризм, өндіріс, креа­тивті индус­триялар мен ІТ саласын дамытуда өңірлік палата жергілікті атқарушы органдар, жоғары оқу орындарымен, даму институттарымен тығыз байланыс­ты жұмыс істейтін болады. «Атамекен» ҰКП бас­пасөз қызметінің дере­гіне сүйенсек, былтыр қараша айын­­да Алматы кәсіпкерлер пала­тасы мен New Ventures (InDrive) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны белгілі. Ынтымақтас­тық аясында оңтүстік аста­на­ бизнесмендері New Ventures-тен 100 миллион­ дол­ларға дейінгі инвестиция алуға үміткер бола алады. Ал Алматы қаласының кәсіпкерлер пала­тасында креатив индустриялар мен инновацияларды дамыту­ жөніндегі кеңеспен сала мамандары, кәсіпкерлер, сондай-ақ барлық мүдделі тарап бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.

 

АЛМАТЫ