Қоғам • 29 Ақпан, 2024

Мерекеге орай мұражай сабағы өтеді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде ертеңнен бастап «Алғыс – асыл сөз!» атты мұражай сабағы өтеді. Мәдени іс-шара 6 наурызға дейін жалғасады.

Мерекеге орай мұражай сабағы өтеді

Фото: Ашық дереккөз

«Елімізде 2016 жылдан бастап Алғыс айту күні атап өтіледі. Осыған орай біз жыл сайын бұл мерекеге арнап мұражай сабағын өткіземіз, біздің қорларымыздан түрлі ұлт өкілдерінің бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларын көрсетеміз»,  дейді мұражай басшылығы.

Мұражай сабағы екі бөлімнен тұрады: біріншісінде мереке жөнінде айтылады, ал екіншісінде экскурсия жоспарланған.

Мұражай қонақтары В. Эйферттің «Жұбайымның портреті», М. Әбілқасовтың «Бектау-ата», С. Саносянның «Баянауыл тастары», Г. Гилевскийдің «Жазғы күн», А. Асухановтың «Отанымның сарындары», М. Кимнің «Алмамен натюрморт» сияқты картиналарымен, басқа да авторлардың сәндік-қолданбалы жұмыстарымен таныса алады.

Сабаққа оқушылар мен студенттер 475-475 нөмірі бойынша жазыла алады.