Суретте: KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов және JICA Жеке секторды қаржыландыру және серіктестік департаментінің бас директоры Эйго Адзукизава
KMF – JICA Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы алғашқы серіктесі. Бірлескен жоба аясында бұл агенттік KMF-ке 50 млн доллар бөлмек, ал бұл қаржы ауылдық жерлердегі шағын кәсіпті қаржыландаруға бағытталады. JICA несие желісі бұл сектордағы инвестициялар көлемін ұлғайтуға және 26 мыңнан астам кәсіпкерді қолжетімді қаржыландырумен қамтуға мүмкіндік береді.
– KMF алғаш рет JICA-мен меморандумға қол қойды, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған ұйымның мұраты мен миссиясы бізге жақын. Бұл – нақты секторды қолдау, бизнес климатын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. JICA арқылы қаржыландыру ауылдағы кәсіпкерлерге жұмыс істеп тұрған бизнестерін кеңейтуге, кірістерін арттыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін жобаларды жүзеге асыруға бағытталады, – деді KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.
KMF клиенттерінің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Компания республикамыз бойынша 4 мың елді мекенді қызметімен қамтып отыр. Қызметпен қамту географиясы кездейсоқ таңдалмаған, KMF стратегиялық бағыттарының бірі – аймақтарда қаржылық инклюзияны ілгерілету. Компания мамандары бизнесті дамытуға арналған несиелерге қол жеткізу кедергісіз болуы керек деп есептейді. Сондықтан клиенттер үшін қаржы қызметі онлайн және офлайн форматта қолжетімді. 700-ге жуық жеке менеджер клиенттермен, олардың бизнес орнында жұмыс істейді, ал KMF мобильді қосымшасында 170 мыңнан аса тұтынушыға қызмет көрсетіледі.
– Біздің стратегиямыз ауылдағы кәсіпкерлікті, агросекторды дамытып, бизнестегі әйелдерді қолдауға бағытталған. Агробағыттың өзінде 111 мыңнан аса клиентіміз бар. Ал портфеліміздің жалпы құрылымының 55%-ы әйелдердің үлесінде, – деді Ш.Жүсіпов.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және өңірлердегі бизнес-ахуалды жақсартумен қатар KMF-те тұрақты даму тұжырымдамасына ерекше мән беріледі. JICA сияқты халықаралық ұйымдардың инвестициялары компанияға қаржыландыру көлемін ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар ESG қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді.
– Біз «жасыл» технологиялар саласындағы жобаларды іске асыруға атсалысамыз, кәсіпкерлерге қуатты үнемдейтін жабдықтарды сатып алып, бизнестерін экологияға зияны тимейтіндей дамытуына көмектесеміз. ЕҚҚДБ-ның «жасыл қаржыландыру» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын 2 мыңнан аса микрокредит бердік, – деді Ш.Жүсіпов.
Кейінгі 19 жылда KMF шетелдік инвесторлардан 600 млрд теңгеге жуық қаражат тартты. Компания мамандарының айтуынша, халықаралық кредиторлардың сенімі KMF қызметінің ашықтығына, сенімді беделі мен бизнесті дамытуға, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы гендерлік теңсіздікті төмендетуге бағытталған негізгі миссиясын ұстануына негізделген. Халықаралық ынтымақтастықпен қатар KMF үнемі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының несиелендіру бағдарламалары бойынша операторы болып, микробизнеске жеңілдетілген қаржыландыруды ұсынып келеді.
KMF – Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалы және 120 бөлімшесі бар.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы