Ауа райы • 01 Наурыз, 2024

Қазақстанға көктем наурыз айының соңында келеді - Қазгидромет

3546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемнің алғашқы күнінде Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында қалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға көктем наурыз айының соңында келеді - Қазгидромет

Фото: sputniknews.ru

Оңтүстік облыстарда наурыз көктемнің жылы күндерімен басталады, бірақ кейін аралас жауын-шашынмен салқын ауа райы қайта оралады.

Солтүстік облыстарда бір ай бойы қар жауып, боран соғып, тұман түседі. Дегенмен көктемнің ауа райына сәйкес жылы күндер де күтіледі. 

Нағыз көктем наурыз айының үшінші онкүндігінде келеді.

Ал, бүгінгі ауа райына тоқтала өтсек, синоптиктер барлық дерлік өңірде жауын-шашынсыз ауа райын болжады. Тек солтүстік пен оңтүстікте аздаған қар жауады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.