Көрме • 03 Наурыз, 2024

Шаһар сәулетінің сыры

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Кеншілер қаласына 90 жыл толды. Ендігі мәдени ұйымдар қазыналы қала тарихын жұрт жадында жаңғырту мақсатында түрлі көрме, кездесулерді бас­тап кеткен. Ақпан айынан об­лыстық бейнелеу өнері музейі де «Қарағанды – Сарыарқаның монументалды орталығы» атты мұражай сабағын өткізеді.

Шаһар сәулетінің сыры

Мұражайда қаланың сәулет өне­рінен сыр шертетін суреттерден көрме ұйымдастырылады.

Қала мектептері мен колледждерінің оқушыларына арнап, көрме жиі өт­кіземіз. Мұндағы көрмені тамашалап қана қоймай, олар тақырыптық сабақ­тарды осында өткізе алады. Қала тарихы баршаға ортақ. Сол себепті, оқушылармен бірлесе жұмыс істейміз, – дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Айгүл Омарова. – Мұражайдағы саба­ғымыз Қарағандының монументалды өнері тақырыбына арналмақ. Қала­ның сәулет құрылысы ерекше. Біз оқу­шы­ларға қаламыздың монументалды өне­рінің алуан түрлілігін көрсеткіміз келеді.

Мәселен, мұражай сабағына Манат Аманбаевтың «Нұркен Әбдіровтің ес­керт­кіші» атты линогравюрасы қойы­лады. Суретші Павел Реченский қа­ланың қалай салынғаны жөніндегі әңгіме өрбітеді. Сол кезде дүрілдеп тұр­ған «Юбилейный» дүкені, көпқа­батты үйлердегі мозаикалық фотосуреттер тарихы да айтылады.

Бұл мұражай сабағы орта және жо­ғары сынып оқушыларына арналған. Мұражай сабағына 475-475 нөмірі бо­йын­ша жазылуға болады. Облыстық бейнелеу өнері музейі Қарағанды қа­ласы, Бұқар жырау даңғылы, 76 мекенжайында орналасқан.

 

Қарағанды облысы