Оқиға • 04 Наурыз, 2024

Алматылықтарға 16:00-ге дейін арнайы пунктерде қалу ұсынылды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар департаменті Қытай аумағында жер сілкініп, оның әсері Алматы қаласында 2 балдық көрсеткішпен сезілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматылықтарға 16:00-ге дейін арнайы пунктерде қалу ұсынылды

Фото: uralskweek.kz

Арнайы құрылған жедел желі номерлеріне 71 ақпараттық сипаттағы қоңырау шалынған.

ТЖМ Алматы қаласында жер сілкінісі қаупі сақталатынын айтып, тұрғындарды 16:00-ге дейін үйлеріне бармауға кеңес берді. 

«Қазір афтершоктар болуы мүмкін. Бірақ олардың қуаты әлсіз сезінеледі. Сабыр сақтап, сағат 16:00-ге дейін жиналу пунктінде қалуыңызды сұраймыз», деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаев.

Айта кетейік, ТЖМ жанындағы Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Осындай штабтар Алматы қаласы мен Алматы, Жетісу облыстарында құрылған.