Оқиға • 04 Наурыз, 2024

«Күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеген»: түркістандық келіншекке қатысты үкім шығарылды

1060 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылында күйеуін аса қатігездікпен өлтірген 34 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 15 жылға сотталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

«Күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеген»: түркістандық келіншекке қатысты үкім шығарылды

Фото: видеоскрин

Қаралы оқиға 2023 жылдың тамызында болған. Ерлі-зайыптылар арасында TikTok әлеуметтік желісіне байланысты жанжал туындаған. Күйеуі әйелінің әлеуметтік желіге видео жүктегеніне наразылық білдіріп, «пышақты өзіңе сұқ» деп бұйырған. Арадағы ұрыс төбелеске ұласып, кісі өлімімен аяқталды. Бұл оқиғаға ерлі-зайыптылардың балалары куә болған.

Қылмысын жасыруға әрекеттенген әйел марқұмның денесін бөлшектеп тастаған екен. Мәйітті бөшкеге салған қылмыскер көршісіне өтініш жасап, Келес өзеніне барған. Әйелдің түн ішіндегі бұл әрекетінен сескенген көрші үшінші күні бөшкені ашып көрген.

Осылайша, Құндыз Молдабекованың қылмысы әшкере болып, елдің үрейін туғызды. Бұған дейін әйел мәйіттің бөлшектенген үш бөлігін өзенге ағызып үлгерген еді. Оған қоса жолдасының көлігін 2 миллион 300 мыңға сатып жіберген.

Қылмыскерге 99-баптың 2-бөлігі (Адам өлтіру) және 190 баптың 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша айып тағылып, сот үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сотталушының анасы қайтыс болған ер адам бұған дейін де әйеліне қол көтеріп, қорлық көрсеткенін алға тартты.

«Қызымның да немерелерімнің де көрмегені жоқ. Балалары: «Мамамды шешіндіріп, жалаңаш аязға шығаратын» деп жиі шағымданатын. Өзі темекі шегіп, шоғын қызымның кеудесіне басқан, темірмен де ұрып-соққан. Қызым шыдады, бірақ бәрі жинала-жинала, ақыры, қылмыс жасалды», деді сотталушының анасы Тіллайым Молдабекова.

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35