Президент • 04 Наурыз, 2024

Алматыдағы жер сілкінісі: Төтенше жағдайлар министрі Президентке жағдайды баяндады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстарын Президентке баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы жер сілкінісі: Төтенше жағдайлар министрі Президентке жағдайды баяндады

Фото: pixabay.com

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр», деді Шыңғыс Әрінов.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрлікке тұрғындардың амандығын қамтамасыз етіп, Алматыдағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент қала әкімі Ерболат Досаевқа да жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жүктеді.