Қазақстан • 05 Наурыз, 2024

Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков елімізде стандарт жинақы құрылысты енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді

Фото: Үкімет

Вице-министрдің айтуынша, өңірлерде бас жоспардан ауытқуы бар егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын түзету мәселелері бар. Мұндай ауытқулардың алдын алу үшін 2024 жылғы қаңтардан бастап бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізілді. Бұл қала құрылысын жоспарлау кезеңінде сәулет-құрылыс нормаларынан ауытқуларды болдырмауға оны бекіткенге дейін бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қалаларды абаттандыру мақсатында Жол картасының типтік нысаны әзірленіп, әкімдіктерге бекітуге жіберілді. Министрлік тарапынан Жол карталарының орындалуын бақылау қамтамасыз етіледі.