Қоғам • 05 Наурыз, 2024

8 наурыз күні ауа райы қандай болады?

3496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 8 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

8 наурыз күні ауа райы қандай болады?

Фото: Ашық дереккөз

Мереке күні Ақмола облысының аумағы мен Көкшетау қаласында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз ауа температурасы -7°C, түнде -22°C көрсетеді.

8 наурызда Абай облысында көшпелі бұлт жүріп, күндіз сынап бағанасы -3 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы -13 градусқа төмендейді.

Ал Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын болып, тұман түседі. Күндіз +7 градус жылы болса, түнде -3°C суытады.

Еліміздің батысында орналасқан облыстарда да мереке күні жауын-шашын болмайды, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +3, - 3,  түнде -7, -16  аралығында болады.

Қазақстанның шығысында көшпелі бұлт шығып, күн райы күндіз -3+2, тек облыстың шығысында -8 °C көрсетсе, түнде -11, - 26 градусқа дейін төмендейді.

8 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысында аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -3-8 °C, түнде -7-12°C.

Мереке күні ең жылы ауа райы Түркістан облысында болады. Күндіз елдің оңтүстігінде +16+18 °C жылы болса, түнде сынап бағанасы -3 °C, +2 °C аралығын көрсетеді.

Мегаполистерге келсек, Астана қаласында кей уақыттарда аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Ал градус өлшемі: күндіз -4-6 °C, түнде -10-12 °C.

Алматы қаласында 8 наурыз күні жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз +7°C, түнде -3°C болады деп болжанып отыр.

Шымкентте күндіз көшпелі бұлт пайда болады, десе де жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы +15+17 °C көрсетсе, түнде жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Температура бағаны +3+5 °C аралығын көрсетеді.