Фото: gov.kz
Қаланың тығыз қоныстанған жерлеріне жиналған еріктілер жолда өтіп бара жатқан қыз-келіншектерге қызғалдақ гүлі мен тәттілерді таратып жатыр. Акция жыл сайын өткізіледі.
«Мақсатымыз – мерекелік көңіл-күй сыйлау. Ханымдарға бақыт, денсаулық, амандық тілеймін», дейді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.
Мереке иелері өз кезегінде көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.
«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден мерекелік көңіл-күй үстеді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!», деді Айнұр Смайылова.
Акция әлі де жалғасып жатыр. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан астам гүл мен шоколад тарту етеді.