Аймақтар • 08 Наурыз, 2024

Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатының себебі айтылды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір демде сегіз адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатының алдын ала себебі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында 8 адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатының себебі айтылды

"ҚазАвтоЖол" "ҰК" АҚ-ның алдын ала ақпараты бойынша, өртенген "Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан соқтығысқан көлік өртке оранған.

Көлік газбен жүреді.

Айта кетейік, қайтыс болғандар арасында туыстар да бар. Соның бірі – 12 жастағы ер бала мен әкесі.

Одан бөлек, Ақтөбеге жол тартқан екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге бақилық болды.

Деректерге қарағанда, қаза тапқан балалар – Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп оқушылары.