Фото: ТЖМ
«Сағат 12:30-да өрт сөндірілді. Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болды. Өрттің ауданы - 120 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы, ТЖД және «Васкен» ЖШС қатысты», делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің алдын ала себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау және технологиялық процесті бұзу.