Президент • 10 Наурыз, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан ақпараттық агенттігіне сұхбат берді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барады. Осы сапар аясында Қ.Тоқаев Әзербайжан елінің Azəri Press Agentliyi ақпарат агенттігінінің өкілі Гаджи Джавадовқа сұхбат берді, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан ақпараттық агенттігіне сұхбат берді

Фото: ru.apa.az

Сұхбат «Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықтың жаңа дәуіріне қадам басады» атты тақырыппен жарық көрді.

Онда Қазақстан Президентінің мемлекет басшысы ретінде Әзербайжанға барған алғашқы ресми сапары қорытындыланған. 

Қ.Тоқаев өз сөзінде: «Нормативтік-құқықтық база біртіндеп кеңеюде, тек соңғы бір жарым жылдың ішінде 40-қа жуық екіжақты маңызды құжатқа қол қойылды. Алдағы сапар барысында қол қоюға тағы бір ауқымды құжаттар пакеті дайындалып жатыр. Әрине, бұл біздің өзара іс-қимылымызға жаңа қарқын береді.

2020 жылдан бері елдеріміз арасындағы тауар айналымы 5 есеге жуық өсті (109-дан 529 миллион долларға дейін). Бұл әсерлі динамика және біз көлемді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», деп атап өтті. 

Мемлекет басшысы 2022 жылдың тамыз айындағы сапарында Қазақстан Әзербайжанның Физули қаласында балалар шығармашылық орталығын салып, тарту ететінін мәлімдеген еді. Осы сапарда сол орталықтың ресми ашылу іс-шарасы да ұйымдастырылмақ. 

Сондай-ақ сұхбатта Каспий теңізінің мүмкіндігін екі елдің экономикалық өсімі жолында тиімді пайдалану, жасыл энергияға көшу барысында тәжірибе алмасу сынды т.б. маңызды мәселелер қамтылды.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.