Фото: zhaikpress.kz
Павлодар облысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс аумағында екпіні секундына 15-20 метрге жететін екпінді жел болжанып отыр.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.
Атырау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады. Екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде-күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Сондай-ақ 3 облыста Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбеде қалың тұман түседі деп болжанған.