Сайлау • 10 Наурыз, 2024

Сайлау барысымен танысты

156 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарына барды.

Сайлау барысымен танысты

Өңірлерге сапарға Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері де қатысты. Комиссия мү­шелері 4 және 6 наурызда тұрақты кәсі­би негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын осы өңірлердің бар­лық дең­гейіндегі аумақтық сайлау комис­сияларының мүшелері үшін семинар-кеңестер өткізді.

Семинар-кеңестер барысын­да Константин Петров 2024 жылғы 31 нау­рызға тағайындалған мәсли­хат­тар­дың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды дайындау және өт­кізу ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар ол сайлау және сайлауаралық кезеңдерде тұрақты кәсі­би негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын сайлау комиссиялары мүшелерінің қызметі, сайлау үдерісін тұтастай ұй­ым­дастыру, сайлаушылар тізімімен жүйелі жұмыс, сайлау үдерісінің бар­лық қатысушымен өзара іс-қимыл мәсе­лелерін белгіледі.

Сәбила Мұстафина сайлау үдерісіне қатысушыларға электораттық оқытуды ұйымдастыру мен қағидаттарын, сайлауды ұйымдастырушылардың ең­бегіне ақы төлеуді, ұйымдастыру мә­се­лелерін қаржыландыруды, бюд­жет­тің атқарылуы мен іске асырылуы­н қамтитын сайлауды мемлекеттік қар­жыландыру мәселелерін түсіндірді.

Іс-шаралар аясында ОСК апп­ара­­ты­ның бөлім меңгерушілері Әйге­рім Тәжиева, Гүлназ Кембаева АСК мү­шелерін сайлауды ұйымдасты­ру­шыларды оқыту нысандары және әдістерімен, мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлау алдындағы үгітті мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырумен жан-жақты таныстырды, сондай-ақ қатысушылар үшін тестілеу өткізді.

Семинар-кеңестердің екінші бө­лімінде өңірлердің АСК мүшелері сайлау заңнамасына сәйкес сайлау тәжірибесі мен олардың практикалық шешім­­дері негізінде кейстік жағдай­ларды пысықтай отырып, дауыс беру күні бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды. Бұл ретте, ОСК мү­ше­лері негізгі сарапшылар болды.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Константин Петров пен Сәбила Мұс­тафина Шығыс Қазақстан облы­сының Ұлан ауданы мен Абай облы­сының Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссияларына барды. Ко­миссия мүшелері мәслихаттардың шы­ғып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі сайлау науқанының барысымен, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс беру күніне дайындығымен танысты.