Елорда • 11 Наурыз, 2024

Рамазан-2024: Елордада мешіттер жанынан арнайы автобустар қатынайды

1755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында Тарауих намазынан кейін мешіттер жанынан арнайы автобустар жүреді. Бұл туралы Egemen.kz CTS компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Рамазан-2024: Елордада мешіттер жанынан арнайы автобустар қатынайды

Фото: gov.kz

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.

«Республикалық Бас мешіт» бағыттары:

- Целинный шағын ауданы;
- Есу арнасы;
- Республика даңғылы.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бағыттары:

- «Спутник» супермаркеті;
- Теміржол вокзалы;
- «Көктал-1,2» елді мекендері.

«Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің бағыттары:

- «Көктал-1,2» елді мекендері;
- Теміржол вокзалы;
- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бағыттары:

«Көктал-1,2» елді мекендері;
- «Кирпичный» елді мекені.

«Рахымқызы Райса ана» мешітінің бағыттары:

- «Рахмет» СО.

«Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді. Жол жүру құны – 90 теңге.  Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді. Бағдарлардың қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше