Президент • 11 Наурыз, 2024

Президент Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Фото: akorda.kz

Аллеяда елдің азаттығы жолында, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін құрбан болған әзербайжан халқының батыр ұлдары жерленген.

Шаһиттер аллеясы «Нагорный» саябағының аумағында орналасқан. Мұнда 1990 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандары мен Қарабақ үшін болған шайқастарда қаза тапқан ұлт қаһармандарының бауырластар зираты бар.