Оқиға • 11 Наурыз, 2024

Қазақтың шөбіне дейін әлемдік қорда сақталады

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Енді еліміздегі жемшөп дақылдары мен басқа да жабайы өсімдіктердің тұқымы Норвегиядағы Шпицберген ара­лындағы дүниежүзілік тұқым қорында сақталады. Осы рәсімге Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылы­ми-зерттеу институтының ғалымдары барып қатысты.

Қазақтың шөбіне дейін әлемдік қорда сақталады

Бұл қор тұқым түрлерін ұзақ жылдар бойы сақтау үшін салынған. Әсіресе онда адам өмірі үшін маңызы зор дән­ді дақылдар мен дәрілік өсім­дік­терге көп орын бө­лінген. Тұ­қым­ды сақтауға атал­ған арал­­­дың таңдалуы да тегін емес. Өйт­­­кені мұнда үнемі шыңылтыр аяз болып тұ­­рады. Қойма тау­дың астында 120 метрде орналасқан. Теңіз деңгейімен есептегенде 130 метр тереңдікте жатыр. Тұ­қым қоры толықтай мұз­дат­қышпен жабдықталған. Түрлі апаттан сақтайтын есіктер мен камера қойылған.

Осы жобаның ғылыми же­текшісі Сақыш Ержанованың айтуынша, қорда сақтау үшін елі­мізден 8 ботаникалық түр­ге жа­татын жемшөп дақыл­да­ры­ның 522 үлгісі ірік­теліп алын­ған. Әсі­­ресе жоңышқа да­қылдарына ерек­­ше назар ауда­рылды.

«Біздің еліміз жер көлемі жағынан әлемде 9-орын алады. Соның 180 миллионнан астам гектары жайылымды құрайды. Шөлейтті аймақтар да басым. Жергілікті тұрғындар үшін жайылым – мал ұстаудың көзі. Бірақ соны жүйесіз пайдаланса, жайылымдық жер эро­зияға ұшырайды. Соның салда­рынан жемшөп дақыл­дары мен олардың экотиптері дең­гейін­дегі генетикалық әр­түр­лілік та­рылады. Алайда жем шөп да­қыл­дарының түрін эко­типтік деңгейде сақтау өте ма­ңызды. Осы­ған байланысты 2015 жылдан бастап, академик Ғ.Мейір­манның жетекшілігімен жем­шөп да­қыл­­дарының жабайы түрін жи­нау үшін экспедиция ұйым­дастырылып келеді. Жалпы, осы сапар біздің инс­титуттың әлемдік ғылыми қо­ғамдастықпен байланысын одан әрі кеңейте түсті», деді С.Ер­жанова.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50