Театр • 11 Наурыз, 2024

Көңілдегі «Гүл – көктем»

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктеммен көңілге енген қуанышты Қ.Қуа­нышбаев атын­­дағы қазақ му­зы­­калық театры әр­тістерінің мере­келік ән шашуы одан әрі еселей түс­кендей.

Көңілдегі «Гүл – көктем»

Атаулы мейрамға орай өнер­­лі ұжым көрермен назарына «Гүл – көктем» концертін тар­ту етті. Бас хормейстер – Қазақ­станның еңбек сіңір­ген қай­раткері Аман­тай Жұ­ма­шев, хормейстер – Ержан Сансызбаев.

Мерекелік концертте Н.Ті­лен­­диевтің «Шіркін-ай», «Құстар әні», халық ән­де­­рі­нен попурри, Қ.Шіл­­­­дебаев­тың «Жан ана», А.Жұ­ма­шев­тың «Ән-айтыс», «Ақ­қу-дас­тан», «Ас­тана Бәйтерек», М.Құ­­­­­сайыновтың «Туған жер», А.Зацепиннің «Ана», «Ра­­­пун­цель» мульт­фильмінен «Шын бақыт – сүю», «Арыс­тан пат­ша» мультфльмінен ән, «Наз­қоңыр», «16 қыз», «Қызыл құмда ауылым» халық әндері, Queen «The show must go on», т.б әндер орын­далады.

Концертмейстер – Гүл­ден Базыкен. Сүйемел­деуші ансамбль мүше­лері – Қуаныш Рах­мет, Ақылбек Әнуар, Темір­лан Шөкенов, Сұл­тан Тұрсынбеков, Бал­жан Қана­жанова, Ол­жас Дәлелхан, Мар­жан­нұр Маки­бае­ва, Диана Бикенова. Кон­цертте вокалдық топ құрамындағы 42 әртіс өнер көрсетті.

Театрдағы вокалдық хор ұжымы 1991 жылы құрылып, бас хормейстері болып Амантай Жұмашев бекітілген болатын. Әртіс­терден құралған вокалдық топ отыз жылдан астам уақыт үздіксіз жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішін­де спектакльдерде арнайы шығармаларды орындап, бірнеше концерттік бағдар­ламасын ұсынды.