Аймақтар • 11 Наурыз, 2024

«Анаға сый»

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Анаға тағзым» орта­лығына қа­расты «Бой­тұмар» дизайн және қолөнер үйір­месінің қыз­дары қол­дан тоқылған мон­шақ­ты сөмкелер жәр­мең­кесін ұйымдас­тырды. Орталық бас­шысы Эль­мира Мыр­зағалидың айтуын­ша, үйірмеге қатысушы жас­өс­пірімдер аз ға­на уақыттың ішін­де көптеген бұйымды тоқуды үйреніп алған.

«Анаға сый»

Ұйымдастырушылар кел­тірген дерекке сенсек, жәр­меңкеге жүзге жуық қол­дан тоқылған сөмкелер қойы­лыпты. Іс-шараға арнайы келген қонақтардың ай­­­туынша, эстетикалық тал­ғам­­мен то­қыл­ған бұйым­дар­­д­ың сапасы жоғары екен.

«Аз ғана уақыттың ішін­де жас­-­өс­пірімдердің тамаша бұйымдар тоқып үйренгені көңіл көншітеді. Моншақ­пен жұмыс істеуге әбден дағдыланғанын, олардың қолға алған жұмыстарының сапасынан айқын аңғаруға болады. Жәр­меңкеге келгендермен бірге біз де оқу­шылардың өнеріне қызығып, жұмыстарына риза болып тұрмыз», дейді ке­лушілердің бірі Ғалия Дүйсен­бекова.

Қырықтан астам үйірме қа­тысу­шысы өз бұйымдарын ұсын­ған жәр­меңке жұмысын өңір басшысы Ербол Қара­шөкеев жоғары бағалап, білім алушы­лар­дың талабы мен талантына риза болды.

«Біздің орталықта аз жұмыс атқары­лып жатқан жоқ. Ал «Анама сый» жәр­меңкесін ұйымдастырудағы басты мақсат – жасөспірім­дердің анаға деген перзент­тік борышы мен махаб­батын сезіндіру. Сол мақсат­­тың үде­сінен шығу үшін қатысушы­ларымыз аянып қалған жоқ. Түрлі үлгіде тоқылған туынды­сын жәр­меңкеге шығарды. Ке­лу­шілер тарапынан жоғары баға­ланып жатқанын да көрдік. Қыздардың еңбегіне қызығып, сөмкелерді сатып алған­­дар да болды», дейді «Анаға тағ­­зым» орта­лы­ғының басшысы Э.Мыр­зағали.

 

ТАРАЗ