Үкімет • 12 Наурыз, 2024

Үкімет басшысы: Қалдықтарды қайта өңдеп, өнім шығаратындар аз

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз екенін, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселесі толық шешімін таппағанын, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселелері уақтылы шешілмейтіндігін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы: Қалдықтарды қайта өңдеп, өнім шығаратындар аз

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Үкімет басшысының сөзінше дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратып отыр.

«Ал, бізде жиналған қоқысты жерге көме салу, таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды. Бұл елді мекендердің көркін бұзумен қатар, ешқандай санитариялық, экологиялық нормаларға сай емес. Сонымен қатар тамақ қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселелері де шешімін таппай отыр», деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, министрлік пен өңірлер қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату механизмін әзірлеу жұмысын созбалаңға салып жіберді.

«Кәсіпорындардың көбі шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Ал, қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында «Радуга» компаниясы полиэтилен мен қағаз қалдықтарын қайта өңдеп, халық тұтынатын әр түрлі тауарлар өндіреді. Шымкентте «Еврокристалл» компаниясы шыныны қайта өңдеп, ыдыс-аяқ шығарады. Алматы облысында «KZ recycling» компаниясы макулатурадан қағаз өнімдерін шығарады. Қызылорда облысында әрбір аудан қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты өз жобаларын іске асырып жатыр», деді Премьр-министр.

Атырау, Ақтөбе, Абай облыстарында қалдықтарды сұрыптау желісін іске қоса алмай келеді.

Үкімет басшысы әлемде қоқысты қайта өңдеу табысты бизнес екенін, Қазақстан да замана көшінен қалмауға тиістігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25