Фото: ТЖМ
Түркістан облысындағы Сайрам ауданы, Арыс ауылы, жеке тұрғын үйдің аумағында жеке тұрған шаруашылық құрылысының шатыры мен үйілген шөп (шамамен 10 тонна) 75 шаршы метр алаңда жанып кетті. Өрт сағат 04:00-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр.
Сондай-ақ Алматы облысында Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, тұрғын үйдің аумағында, жеке тұрған алаңда 60 шаршы метр монша жанып кетті.
«Сағат 04:14-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге шамамен 4 жеке құрам адамы және ТЖД-ның 2 бірлік техникасы жұмылдырылды», деп хабарлады министрліктен.