Қоғам • 14 Наурыз, 2024

Мәулен Әшімбаев: Амал – ұлтымызды ұйыстыратын ізгі мереке

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Амал мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Амал – ұлтымызды ұйыстыратын ізгі мереке

«Амал – ұлтымызды ұйыстыратын, халқымыздың берекесін еселеп, мерейін өсіретін ізгі мереке. Қазіргі таңда бұл күн тұтас еліміз үшін ортақ мейрамға айналды десек, артық бола қоймас. Дұрыс құндылықтарды дәріптейтін осындай мерекеде еліміздің бірегейлігі айқындалып, бірлігі бекемделе түседі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтуді ұсынған болатын. Осыған байланысты тың бастамалар қолға алынып жатқаны белгілі. Мұндай қадам тарихи санамызды жаңғыртып, ұлттық рухымызды одан әрі шыңдау үшін қажет.

Сондай-ақ бұл игі дәстүр қоғамда өзара құрметтің, бауырмалдылықтың және мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын арттырады. Баршаңызды көктемнің осы мерекесімен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Амалдан амалға аман-есен жете берейік!» делінген жазбада.