Саясат • 15 Наурыз, 2024

Өңделген өнімнің үлесін арттыру қажет

86 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында «Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру, импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері» атты Үкімет сағатының қорытындысында қабылданған ұсынымдардың іске асырылуы туралы» тақырыбы талқыланды.

Өңделген өнімнің үлесін арттыру қажет

Комитет төрағасы Әли Бектаев Қазақстан үшін агро­өнеркәсіп кешені еліміз эко­номикасының негізгі саласы екенін атап өтті. Жаңа технологияны пайдалану арқылы қайта өңделген өнімнің үлесін ұлғайта отырып, оны 70 пайызға жет­кізу туралы Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету керек.

«Қазақстан үшін агроөнер­кәсіп секторы мен қайта өңдеу өнер­кәсібі азық-түлік қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету және ауыл ша­руа­шылығы өнімдеріне ішкі сұра­нысты қанағаттандыруда ма­ңызды рөл атқарады. Үкіметтің, бизнес-қоғамдастықтың және ауыл тұрғындарының бірлескен күш-жігерімен ғана агроөнеркәсіп сек­тордың тұрақты дамуын қам­тамасыз етуге және елдің импорт­тық өнімдерге тәуелділігін төмен­детуге болады», деді Әли Бектаев.

Сенатор Закиржан Кузиев өз кезегінде Үкімет сағатының қоры­тындысында комитет өз құзыреті аясында мемлекеттік органдарға 27 ұсыныс бергенін еске салды. Ондағы 13 ұсыным бойынша мемлекеттік органдар қажетті шаралар қабылдады, 6 ұсыным орындалмады және 3 ұсыным бо­йынша талқылау және жоспарлау сатысында жұмыс жүріп жатыр.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрінің орынбасары Бағлан Бекбауов өз сөзінде осы ұсы­ныстарды іске асыру үшін агро­өнеркәсіп кешенін дамы­ту­дың 2021-2030 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасына тиісті өзгерістер енгізілгенін айт­ты. Олар қайта өңдеу кәсіп­орын­дарын өндіріс қуатында барынша қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін ұлғайту және ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қол­даудың жүйелі шараларын жүзеге асыруға бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20