Ауа райы • 15 Наурыз, 2024

15 наурызда елімізде қандай ауа райы болады?

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамандар 15 наурызда Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

15 наурызда елімізде қандай ауа райы болады?

Фото: Sputnik

Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Жауын-шашын, қар жауады. Түнде Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстан Республикасының батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан Республикасында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауады, оңтүстікте және орталықта көктайғақ, батыста шаңды дауыл күтіледі.