Аймақтар • 15 Наурыз, 2024

«15 см»: Алматы қаласында қалың қар жауды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы наурыздың 14-15 күндерінің жауын-шашыны кездегі коммуналдық қызмет жұмысы туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

«15 см»: Алматы қаласында қалың қар жауды

Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыда наурыздың 14-і күнгі сағат 15:30-дан 15 наурыз сағат 5:00-ге дейін қалыңдығы 15 см қар жауған.

Түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар күреуге шығып, 148 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді.

Сағат 20:30-дан 06:00-ге дейін жол патрульдік полиция көлігінің еріп жүруімен 16 баған қар күрелді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 520 м3, ал қыс бойы 367,8 мың м3 қар шығарылды. Қар шығару жұмыстары жалғасады.

Шағын көлемді 160 тротуар техникасымен тротуарлар мен жалпы аймақтар тазартылып, әлеуметтік маңызды нысандарға кіреберістер, қоғамдық көлік аялдамалары және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері күреліп жатыр.

Сағат 08.00-ден бастап 394 арнайы техника, оның ішінде 145 құм таратқыш, 169 тротуардағы қарды күрейтін техника, 602 жұмысшы жұмылдыру жоспарланған.

«Қазгидромет» РМК болжауынша, күндіз ауа температурасы 0-… +2 градус аралығында, жауын-шашын түспейді.