Ауа райы • 16 Наурыз, 2024

Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша Қазақстанның екі облысында көліктің барлық түріне жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Фото: tengrinews.kz

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды ​​облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаскесі жабылды. Аймақта қар жауып, көріну мүмкіндігі шектеулі, көктайғақ.

Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі учаскесі жабылды.