Бокс • 17 Наурыз, 2024

Ташкенбай, Жақпеков. Халықаралық турнирдің финалына шыққан боксшылар белгілі болды

758 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның бас қаласы Белградта өтіп жатқан халықаралық турнир финалдық кезеңге келіп жетті. Алтын үшін айқаста 8 ел спортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Ташкенбай, Жақпеков. Халықаралық турнирдің финалына шыққан боксшылар белгілі болды

Фото: gov.kz

Бранко Пешич мемориалына Қазақстан намысын қорғауға аттанған 12 боксшымыздың 8-і финалға жолдама алды. 

Күні кеше шаршы алаңға шыққан 71 келіде Сабыржан Аққалықов монтенегролық Стефан Савковичтен айласын асырды.  75 келіде отандасымыз Диас Молжігітов ресейлік Джамбулат Бижамовтан басым болды. 80 келді Ерасыл Жақпеков сербиялық Златко Турковичті жеңсе, Данияр Рахымбердинов (92 кг) тағы бір шаршы алаң иесі Мирослав Савичті тізе бүктірді.

Белградтағы халықаралық турнирдің финалында шаршы алаңға шығатын қазақ боксшылары: 

48 келі: Ернұр Қайрат

51 келі: Санжар Ташкенбай;

54 келі: Дәулет Молдашев;

71 келі: Сабыржан Аққалықов;

75 келі: Диас Молжігітов;

80 келі: Ерасыл Жақпеков;

92 келі: Данияр Рахымбердинов;

92+келі: Олжас Боқаев.